Президенттің тапсырмасы бойынша, эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 млн теңге қарастырылады. Оның 40,6 млн теңгесі медицина қызметкерлерін ынталандыруға бөлінеді,- деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бұл үстемақы мөлшері коронавирусты жұқтыру қаупі бар топтар бойынша бөлінеді.
1 топ (қауіптілігі аса жоғары) — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы бір қызметкерге 20 ЖТМ немесе 850 мың теңгені құрайды.
2 топ — провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 10 ЖТМ құрайды.
3 топ — карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемақы 5 ЖТМ құрайды. Бұл 26,3 мың адамды қамтиды.