Жаңалықтар

Карантин кезінде азық-түлік алушылардың тізімі кеңейтілді

Көмекке мұқтаждардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық заттар жиынтығын алушылардың тізімі кеңейтілді,-деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Азық-түлік пен тұрмыстық заттар жиынтығын келесі азаматтар алады:

• атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

• медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар;

• медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

• мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеушілер;

• жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Аталған көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.