Халыққа психологиялық көмек көрсету сайты іске қосылды
Қазақстанда COVID-19 күресуде психологиялық көмек сайты іске қосылады,-деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министірлігі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы БҰҰ жанындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен https://covid-19.mentalcenter.kz сайты құрылды.
Халыққа психологиялық көмек көрсетуге және азаматтарды қолдау үшін құрылған сайт 4 сәуір –жұмысын бастайды.
Қазіргідей қиын жағдайда-коронавирустық инфекция өршіген тұста адамдарды қолдау үшін (UNICEF, WHO, Төтенше жағдайда психикалық денсаулық және психо-әлеуметтік қолдау бойынша ведомствоаралық Комитеттің жұмыс тобы) психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталды.
Жаңа сайтта оқырман өз сұрақтарына жауап ала алады, психолог немесе психотерапевттер онлайн кеңес береді. Сізге сілтеме жазылған хабарлама келеді, сол арқылы келісілген уақытта маманмен онлайн байланысқа шығуға болады.
Бұл жобаға еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, мемлекеттік емес секторлар жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам маман қатысуда.