Алматыда жұқпалы аурулар госпиталі салынып жатыр
Жарияланды
Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарға арналған
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев аурухананың құрылысын бастауды тапсырды,- деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрылыс туралы шешімді ҚР Президентінің жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирус таралуына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру аясында қабылдады.
Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға есептелген. Оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне арналған.
Құрылыстың модульдік технологиясы қысқа мерзімде карантиндік орталық құруға мүмкіндік береді. Бұл ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар жатады.