Жаңалықтар

Алматыда жұқпалы аурулар госпиталі салынып жатыр

Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарға арналған

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев аурухананың құрылысын бастауды тапсырды,- деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс туралы шешімді ҚР Президентінің жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирус таралуына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру аясында қабылдады.

Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға есептелген. Оның ішінде  28-і интенсивті терапия бөлімшесіне арналған.

Құрылыстың модульдік технологиясы қысқа мерзімде карантиндік орталық құруға мүмкіндік береді. Бұл ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар жатады.