Атырауда төрт дәрігер коронавирус жұқтырды

Жарияланды
Бұл қалада 611 медицина қызметкері жұмыс істейді

Дәрігерлер арасында алғашқы  індетті жұқтыру оқиғасы 30 наурызда тіркелген еді. Ол Атырау қаласының №3 емхананың қызметкері. Дәрігер вирусты емделушіден қан алу кезінде жұқтырған екен.

Сол кезден  бастап барлық медициналық қызметкерлер қашықтан жұмыс  істеу режиміне ауысты. Осыдан кейін Covid-19 індетін жұқтырған дәрігермен байланыста болғаны екі әріптесі анықталды. Олар карантинге оқшауланды.

Ал төртінші медицина қызметкері науқастан жұқтырған. Ол Атырау облыстық ауруханасында жұмыс істеген. Осыдан кейін мекеме екі күндік карантинге жабылды. Дәрігер және пациентпен байланыста болған адамдар да оқшауланды.
Дегенмен, төрт бірдей медицина қызметкерлерінің жағдайы қанағаттанарлықтай екен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Атырауда Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 22 адамға жетті.
 

Сондай-ақ оқыңыз