Жаңалықтар

Е. Біртанов: Карантин шаралары індеттің таралуын 52 пайыздан 12-ге дейін азайтты

3500 адам коронавируспен ауруы мүмкін

Карантин шаралары індеттің таралуын 52 пайыздан 12 пайызға азайтты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Біздің елімізде қабылданған қатаң карантиндік шаралар 28 наурызбен және өткен тәулікті есептегенде коронавирус инфекциясының таралу қарқынын 52 пайыздан 12 -ге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл өзгеріс санитарлық және медициналық қызметтердің жұмыс ауыртпалығын азайтып, науқастар мен байланысқан адамдарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деп жазды министр Facebook парақшасында. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келетін де атап өтті министр.

 
«Басқа елдердің тәжірибесіне сүйенсек, Қазақстанда аурудың негізгі кезеңі сәуір-мамырда өтеді. Ал, індеттің шарықтау шыңы – сәуірдің бірінші жартысында болады деп болжап отырмыз. Осы уақытта шамамен 3500 адам коронавируспен ауруы мүмкін. Ары қарай, жаз айларында эпидемиологтар эпидемия толығымен тоқтамаса да баяулайтынын күтеді. Кейбір сарапшылардың болжамына сәйкес, биыл күзде індет қайталануы мүмкін», – дейді Біртанов.