Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Коронавирус жұқтырғандар саны 551 жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы – 219, Алматы қаласы – 110, Шымкент қаласы – 13, Ақмола облысы – 20,
Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 22, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Жамбыл облысы – 28, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 27, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 30, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 25.
Осы уақытқа дейін індеттен 36 науқас емделіп шықты.
Нұр-Сұлтан қаласы – 17, Алматы қаласы – 19.
Қайтыс болғандар саны 6.
Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Шымкент қаласы – 1, Ақмола облысы – 2, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1.