Коронавирус індетіне байланысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Жарияланды
Ол 46 жастағы жеке емхана қызметкері 

 Ақтөбе облысында індетке байланысты жалған ақпарат тарату фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жалған ақпарат таратқаны үшін жеке емхананың 46 жастағы қызметкері ұсталды. Интернетте мониторинг жүргізу барысында полицейлер WhatsApp желісі арқылы таратылған жалған ақпаратты анықтады. Белгісіз әйел аудио жазып, оны сыныптастар тобына жіберген. 

Аудио жазбада «Ақтөбедегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп екендігі айтылған.Сонымен қатар,  жеке емхананың барлық қызметкерлері жұқтырған және карантинге оқшауланды» деген мәліметтер айтылған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқан жеке емхананың қызметкерін анықтады. Күдікті өзінің заңсыз іс-әрекеттерін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр. 

Аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот 106.040 теңге әкімшілік айыппұл салды.
 

Сондай-ақ оқыңыз