Тұрғындар төтенше жағдай кезінде талаптарды елемейді
Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды. Оның 30-дан астам оқиғасы карантин кезінде орын алды,- деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
СҚО құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде қатаң режимде қызмет атқарады. Петропавл қаласында карантин енгізілгелі облыс орталығы көшелерін патрульдеу күшейтілді.
Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтауға ҚР Ұлттық ұланы, Әскери институтының курсанттары, әскери қызметшілер тартылды. Петропавл қаласының көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жалпы 500-ден астам полиция қызметкері, әскери қызметшілер мен курсанттар жұмылдырылды.
Карантин кезінде полицейлер блок-бекеттерде қызмет атқарып, коронавирустық инфекция ошақтарын күзетеді. Қауіпті індеттің таралуына қатысты орнатылған шектеу шараларына қарамастан кейбір қала тұрғындары талаптарды елемейді.Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін.