42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік төлемді алу үшін көп қиналмай телеграм ботқа кірсе жеткілікті.
?Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.
?Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:
1️⃣ «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;
3️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;
4️⃣ Телефон нөмірін енгізу;
5️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
6️⃣ Өтінішті растау;
7️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️ сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️ сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
?Қызметкер үшін:
1️⃣ «Қызметкер» батырмасын басу;
2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;
3️⃣ Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;
5️⃣ Телефон нөмірін енгізу;
6️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
7️⃣Өтінішті растау;
8️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.