Алматыда 250 ерікті әскери қызметке дайын

Жарияланды
Олар карантин кезінде қол ұшын бермек

Almaty.tv телеарнасының хабарлауынша, Алматыда әскерге баруға өз еркімен келіскен 250 ерікті төтенше жағдайға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді. 

Олар енді карантин кезінде блок-постарда тұруға, көше қозғалысын реттеуге, сонымен қатар, коронавирус ошағын тазалауға жұмылдырылады.

Олар Президенттің қаулысы шыққаннан бастап, елге қиын сәтте  көмектесуге дайын екендерін мәлімдеді.

Қаланың әр ауданында орналасқан қорғаныс ісі жөніндегі департаменттері әскери қызметке келушілерді жасақтауға және оларды медициналық тексеруге толық дайын.

Сондай-ақ оқыңыз