Елімізде 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қазіргі таңда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың 67 коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. Ал 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және симптомсыз жатыр», – Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.