Қарағанды облысында карантин жарияланды
7 сәуірден бастап, Қарағанды облысына карантин енгізіледі,- деп мәлімдеді тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің басшысы Қанат Асқаров.
Арнайы карантиндік шаралар Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларында жүркізіледі.
Сонымен қатар, Бұқар жырау ауданының Доски, Үштөбе, Ботақар, Ғ.Мұстафин, Петровка сияқты мекендері карантинге жабылады.
Жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына келесі жағдайларда ғана үйден шығуға рұқсат береді:
– жұмысқа бару үшін;
– азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектертер алуға;
– төтенше жағдайда медициналық мекемелерге бару;
– жақын жерде орналасқан жанармай құю бекетіне бару үшін;
– банктік операцияларды жүргізу.
Арнайы карантиндік тәртіп орнатылған аумақта қалалар мен аудандарда дүкендер мен дәріханадан басқа барлық ұйымдардың қызметі тоқтатылады.
Банктердің филиалдары мен бөлімшелері сағат 10.00-ден кешкі 16.00 -ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Қанат Асқаров облыстық, ауданаралық, қалааралық, қалалық жолаушылар тасымалы қала ішінде де, одан тыс жерлерде де тоқтатылатынын айтты.