Қазақстанда 3 тілде онлайн диагностикалау қызметі іске қосылды
Енді «Электронды Үкімет» порталының eGovMobile мобильді қосымшасында коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өтуге болады,-деп хабарлады Coronavirus2020.kz телеграм арнасы.
Қызметтің бұл түрі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесі.
⠀
Коронавирустың белгілерін анықтау бойынша өзін-өзі онлайн диагностикалау қызметі eGovMobile қосымшасының басты бетінде «COVID-19 белгілері бойынша сауалнама» атауымен жеке батырма ретінде орналасқан.
Қызмет үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қолжетімді.
Сауалнаманы толтыру үшін азаматтар 12 сұраққа Ия/Жоқ деп жауап береді, қажет болған жағдайда жеке ақпараттарды енгізеді.
Толтырып болғаннан кейін «Сауалнаманы жіберу» батырмасын басу керек.
⠀
Ақпарат ары қарай өңдеуден өту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне түседі.
Сонымен қатар, азаматтар eGovMobile арқылы «COVID-19 картасы», «COVID-19 туралы FAQ» қызметтерінен коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады.
Сондай-ақ мобильді қосымша нақты уақыт режимінде Қазақстан аумағындағы вирустың таралу жағдайы мен індеті расталғандармен қатынаста болғандар жайлы өзекті ақпараттарды ұсынады.