Медициналық маска таңдаймыз: Dior әлде Lamborghini?
Әлемдік сән үйлері қазір киім үлгілерін емес, бетперде тігуге көшті. Суретте – Dior компаниясының ерікті тігіншілері. «Dior осы күндері алдыңғы шепте жүргендерге қолдау көрсетіп, қорғауға тырасады», делінген компания хабарламасында.
Automobili Lamborghini хирургиялық бетперде мен медициналық қорғаныш құралдарын шығаруға көшті. Фото: Lamborghini
Мына суретте Венесуэла арақ-шарап зауытының қызметкері антисептик құйылған бөтелкелерді тексеріп тұр. Венесуэланың ең ірі арақ-шарап зауыты – елдегі аз ғана жеке кәсіпорындардың бірі, бұл зауыт өндірісінің басым бөлігін антисептик шығаруға бейімдеді. (AP Photo / Ариана Кубильос)
Ал Израильде қорғаныс министрлігі мен Inovytec компаниясы зымыран зауытын жасанды желдету аппаратын шығаратын кәсіпорынға айналдырған. Фото: IAI MBT SPACE DIVISION
General Motors та жұмыс күшін қайта жасақтап, автокөлік емес, жеке қорғаныш құралдарын шығаруға басымдық беріп отыр. (Photo by John F. Martin for General Motors)
Ал Арнедо (Солтүстік Испания) еріктілер өрт сөндіру құралдарын шығаратын фабрикада күні-түні жұмыс істеп жүр. Енді бұл жерде медициналық халат тігеді. (AP Photo / Alvaro Barrientos)
Түркияда сотталушылар медициналық бетперде тігіп, оны ауруханаларға жөнелтіп жатыр. Фото: Мустафа Мурат Кайнак / Анадолу агенттігі
Бангладеш пандемияның әсерін енді-енді сезіп жатыр. Әлемдік сән үйлері пандемия кесірінен тапсырысты кейінге ысырып, тігіншілер жұмыссыз қалды. Жұмыс болмаған соң, еңбекақы да жоқ. Бангладештің тігін фабрикаларында 4,1 млн адам жұмыс істейді. Бұл ел – Қытайдан кейінгі ең ірі киім-кешек экспортері. Фото: Getty Images
Бангладеш тігіншілері Дакка қаласындағы фабрикада арнайы киім тігіп отыр. Бангладештің киім экспортерлері коронавирус пандемиясының кесірінен қазірдің өзінде $6 млрд шығынға ұшыраған. REUTERS / Mohammad Ponir Hossain
Қытай туристік компанияларының қызметкерлері Пекин халықаралық әуежайында міндетті түрде қорғаныш құралдарын киіп жүреді. KEVIN FRAYER / GETTY IMAGES
Қытай медициналық бетперде шығаруды мықтап қолға алды, өйткені оған деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Фото: Reuters
Детройт қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі вирус таралуының алдын алу үшін үнемі бетперде мен қолғап киеді. Фото: Seth Herald/Agence France-Presse — Getty Images
DHL компаниясының қызметкерлері коронавирусты анықтауға арналған тестті жеткізіп жүр. Фото: Sean Gallup / Getty Images
Дельтаплан шығаратын Moyes Delta Gliders компаниясы қызметкерлерінің қазіргі жұмыс киімі осындай. Фото: flymoyes