Жаңалықтар

Сотталғандарға бір миллионнан астам сыйақы берілді

Олар полицияға бетперде тігіп берген

Шығыс Қазақстан облысында  арнайы медециналық бетперде тігетін  сотталғандарға бір миллионнан астам сыйақы берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмысына ақшалай сыйақы берілді. 

Қазіргі уақытта, қорғаныш құралдары  өте қажет. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы басшылығының шешімімен өндірістік объектілерінде қорғаныш бетперделерін тігу қолға алынды.

Жазасын өтегендер 19 наурыздан бастап  осы уақытқа дейін 120 мыңнан астам маска тігіп үлгерген.
 Осы маскалармен полиция офицерлері және әскери қызметкерлер толығымен қамтамасыз етілді. Сотталғандардың еңбегі үшін оларға ақшалай  сыйақы берілді.

  «Біздің жұмысымыз бағаланып, тіпті сыйақы табысталғанына да өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұған сенбедім, бірінші рет өз жұмысым үшін қаржы алдым. Мен алған ақшамды әйеліме аудардым, оған бұл ақша маған қарағанда қажет деп ойлаймын» – деді сотталушы Арлан.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде қорғаныш маскаларын тігу жалғасып жатыр.