Алматы маңында әскери аурухана жұмысын бастады
Жарияланды
Оған індетті жұқтырғандар жатады
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметі өзінің медициналық нысандарын індетті жұқтырған науқастарды емдеуге және карантинге жатқызу үшін қосымша шаралар қабылдады,- деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ауруханада 100 науқас қабылдайтын орын бар. Оның ішінде дәріхана, диагностикалық, операциялық, анестезиология, реанимация және эвакуация бөлімі бар. Сонымен қатар, гоститальда рентгендік зерттеу үшін қажетті құрал-жабдықтар, зертханалық және механикалық желдету құрылғылары орнатылған. Аурухана жылыту және ауа баптаумен жабдықталған.