Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 99 науқас бар, оның ішінде төртеуі – бала. Осы уақытқа дейін үш жаңа жағдай анықталды, олардың барлығы науқастармен байланыста болғандар. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Олар: 1975 жылы туылған ер адам мен 1962 және 1964 жылы туылған әйел кісілер.
Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағалануда, тексеру кезінде пневмония анықталған. Әйелдердің жай-күйі қанағаттанарлық.
Олармен байланыста болған барлық адамдар карантинге оқшауланды.
Мегаполисте емделіп шыққандардың саны 21-ге жетті.
80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр, 4 пациент – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде.
Карантиндік оқшаулауда 385 азамат бар, оның ішінде 39-ы бала, үй карантинінде 5144 адам отыр.