Елімізде 50-ші адам коронавирустан емделіп шықты

Жарияланды
Нұр-Сұлтанда 27 адам емделді

Қазақстанда 50-ші адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 науқас сауығып, ауруханадан шықты.

Бүгін сағат 14.00 дейін елімізде жалпы 50 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 27, Алматы қаласында – 21, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1 пациент.

Сондай-ақ оқыңыз