Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға коронавирусқа қарсы күрес үшін медициналық қорғаныс құралдарын жіберді,-деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министірлігі.
Біріккен Араб Әмірліктері билігінің шешімі бойынша Қазақстанға гуманитарлық көмек партиясы келіп жетті.
Біріккен Араб Әмірліктері жіберген ұшақ салмағы 13 тонна болатын бетперде, қолғап, бахила, антисептик сияқты медициналық құралдар әкелінді.
Қазақстанға бұған дейін де АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Израиль секілді елдерден түрлі көмек жіберілген болатын.
Гуманитарлық көмек – бұл серіктестерге өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі.