Мамин әкімдерге құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жарияланды
Сондай-ақ, республика бойынша олардың көлемін арттырмақ

Ағымдағы жылы тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарланған көлеміне – 15 миллион шаршы метрге жету үшін әкімдіктер құрылыс қарқынын жеделдетуі керек. 7 сәуірдегі үкімет отырысында осындай ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин тапсырма берді.

Оның айтуынша, бүгінде құрылыс саласы ең негізгі секторға айналуы керек. Осыған байланысты ол Индустрия министрлігіне және әкімдіктерге тұрғын үйдің жоспарланған көлемінің іске қосылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ бөлінген қаражатты игеруді тапсырды.

Үкімет басшысы құрылыс маусымын уақтылы бастау өте маңызды екенін атап өтті. Алайда, бүгінде барлық әкімдіктер бұл жұмысқа толық кіріскен жоқ. Атап айтқанда, құрылыс алаңдарына инженерлік инфрақұрылымды енгізу үшін тек жеті аймақ жобаларды іске асыруды бастады: Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.

«Құрылыс маусымын уақытында бастаудың маңызы өте зор. Құрылыс орындарына инженерлік инфрақұрылым жеткізу бойынша 7 аймақ  жобаларды іске асыруды бастаған. Бұл Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарын атап өткен жөн», – деді Үкімет басшысы.

Ол қазіргі уақытта құрылыс индустриясы бойынша 178 млрд теңгенің 33 жобасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оларды іске қосу тұрғын үй құрылысында қазақстандық үлесті 95% дейін арттырып, 8 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

А. Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс индустриясы жобаларының уақытылы енгізілуін қамтамасыз етуді және отандық жаңа өндірістерді құру жұмысын жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз