Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктерге азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды

Сондай-ақ тұрақтандыру қорларында толықтыруды ескертті

Мемлекет басшысы Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында жазды.

«Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. Төтенше жағдай кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың «шекті бағасы» сақталуға тиіс», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен танысты.

Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда.