Жаңалықтар

Алматыда Е-Polisia KZ мобильді қосымшасы іске қосылды

Қосымша Android платформасында қолжетімді

Алматыда Е-Polisia KZ атты мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен ЖСН және көліктің нөмірі арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді.

Сондай-ақ, аталған қосымша полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпараттармен танысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қосымшада бақылау-өткізу бекеттерінен өту ережелері жазылған бөлім бар.

Айта кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар өз күшін жойған болатын.