Карантин кезінде себепсіз көшеде жүргендер анықталды
Жарияланды
105 адам жауапқа тартылды
Төтенше жағдай кезінде көшеде серуендеген 105 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды polisia.kz сайты.
Бір тәулік ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігіне сәйкес төтенше жағдайды бұзған, көшеде негізсіз жүргендері үшін 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 26-сы қамауға алынды, 32 адамға айыппұл салынды.
Сонымен қатар, карантин енгізілген сәттен бастап 411 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 203 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 194 адамға айыппұл салынды, 14 адамға ескерту жасалды.