Петропавл полицейлері төтенше жағдай кезінде орын алуы мүмкін алаяқтық түрлері туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Петропавл полицейлері төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақыға қатысты алдаудың алғашқы жағдайын тергеп жатыр.
Облыс орталығының 1932 жылы туған 88 жастағы тұрғыны Полиция басқармасына ақшаның жоғалғаны туралы арызымен жүгінген. Белгісіз қылмыскер өзін әкімдіктің өкілімін деп таныстырып, егде жастағы әйелге оған тиесілі жәрдемақы бар деп айтқан. Кейін бір стакан су сұратқан. Үй иесінің келуін күтпестен ізін суытып, үйдің кіреберісінде жатқан әмияннан 7 мың теңгенің қолды қылып үлгерген.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа жібірілді.
“Төтенше жағдай кезінде алаяқтық сценарийінің басқаша да өрбуі мүмкін, – дейді Петропавл қалалық ПБ басшысы Жандос Мұқатов.
Жеке куәлігіңіздің суретін, банк картасының пин-кодын, шот нөмірлеріңізді, банк картасының сыртындағы үш саннан тұратын кодты, sms-хабарламасымен келетін растау кодтарын, әлеуметтік желі парақшаларындағы логин мен құпия сөздерді ешкімге сеніп бермеңіз.