Жаңалықтар

42 500 теңге алуға өтінімдерді қарау уақыты ұзартылды

3,1 млн хабарлама келіп түскен

42 500 теңге алуға өтінімдерді қарау уақыты ұзартылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Мәселен, 8 сәуірдегі түнгі сағат 11-дегі жағдай бойынша 3,1 млн хабарламаның 1,3 млн-ы қайталанып түскен. 
Барлық өтінім түрлі ақпараттық деректер қорында бірнеше параметрлер бойынша мұқият тексеруден өтеді.

Оның ішінде:

• адамның аты-жөні; 
• ЖСН;
• банк шотының нөмірі;
• жұмысына қатысты мағлұматтар және т. б.

Мәліметтерді тексере келе, 42 500 теңгелік төлемге талапқа сай келмейтін азаматтардың да өтінім бергені анықталды:

1.    жұмыс істейтін;
2.    дұрыс емес банк шоттары немесе бөгде біреудің жарамсыз банк шоттарын беру;
3.    марқұм болып кеткен адамдардың атынан түскен өтінімдер;
4.    шетелде тұратын тұлғалардың атынан берілген өтінімдер;
5.    әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған, оған қаражат аудармаған азаматтар да бар. 

Осыған ұқсас деректердің 405 мыңнан астамы айқындалды.

Бастапқыда бұл өтінімдерді қарап, деректерді тексеру мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. Төлемдерді тезірек жүргізу үшін, өтінімдерді қарау мерзімі 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Азаматтардан 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмаса, алаңдамауды сұраймыз. Әр өтініш бойынша ақпарат тексерілгеннен кейін міндетті түрде өтінім жолдаушыға қабылданған шешім туралы хабарланады.