Елбасы жариялаған республикалық #Bizbirgemiz акциясы аясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық-түлік қораптарын таратты.
Аталған әскери институттың бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков қайырымдылық акцияның маңыздылығын атап өтті.
– Әскери қызметшілер «Біз біргеміз!» акциясы аясында әлеуметтік жағынан осал отбасыларына азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. Әскери қызметшілер халықпен бірге және әрқашан қолдау көрсетеді, – деді ол.
Алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалды, тізімге 15 ҰОС ардагерлері және 5 аз қамтылған отбасы енді. Әскери қызметшілер әр отбасыға мекен-жайы бойынша азық-түлік қораптарып жеткізіп берді.
– Әскери қызметшілерге шексіз алғысымды жеткіземін. Бүгінгі қиын кезде дәл осы көмекке мұқтаж едік. Бізді ұмытпай, елеп-ескеріп жүргендеріңе мың алғыс, – деді Алматы қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Асқарбаев Жаркошы ақсақал.