Ғалымдар коронавируске қарсы вакцина әзірлеп жатыр

Жарияланды
Тәулік бойы зерттеу жүргізіліп жатыр

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья хабарлады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазіргі уақытта бірнеше мемлекет 54 кандидат вакцина әзірлеуде. Олардың ішінде клиникалық сынақтан әзірге екеуі ғана өтті.

Институт бас-аяғы 4 кандидаттық вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2-і векторлық және вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде 2-і суббірліктік. 

Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалып алынады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары биологиялық қауіпсіздігі 3-деңгейлі BSL-3 зертханаларында нақты SARS-CoV-2 коронавирус штаммдарымен жұмыс атқаруда. 
 

Сондай-ақ оқыңыз