Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады.
Оның айтуынша, қызметкер емделуде, оның жағдайы тұрақты.
«Онымен 530-дан астам адам байланыста болған. Оның ішінде 30 адам стационарлық, ал 80 адам үй карантинінде оқшауланған.Олардың көпшілігі бүгінгі күнге дейін үйлеріне шыққан. Қызметкерлер өз жұмыстарын атқаруда», – деді ол.
Өткізу пункттерінде, қала ішінде азаматтарды тексеретін, сондай-ақ медициналық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары коронавирус індетін жұқтыру қаупі бар тобына кіреді.
Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 759-ға жетті.