Алматы қалалық Полиция Департаменті карантин кезінде дөрекі полиция қызметкерінің үстінен қайда шағымдануға болатындығын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Полиция Департаментінің жеке қауіпсіздік Басқармасының мәліметінше, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы 254-40-84 сенім телефоны мен 8-707-927-67-69 нөміріне хабарласуға болады.
«Сондай-ақ, полиция тарапынан заңсыз әрекеттер мен әдепке жат қылықтар туындаған жағдайда, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ПД басшысының парақшасына жүгінуге болады”, – деді полковник Көкрекбаев.