ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 688 131 азаматтан 2 755 866 жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы Coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.
Осылайша, 1 067 735 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтар өтінішті бір рет беру тиіс.
Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік сақтандыру қоры төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді.