Алматыда 26 мың азаматқа жұмыс бар

Жарияланды
Бұл жұмыстардың іске асырылуы карантин кезінде де тоқтамайды

Алматыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 26 мың қала тұрғыны жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды Алматы Әкімдігінің телеграм каналы.

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларда жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл жұмыстардың іске асырылуы карантин кезінде де тоқтаған жоқ.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 214 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Мұнда 26 мың жұмыс орны ашылады. 

Сонымен қатар, жаңа нысандардың құрылысы есебінен 2045 жаңа тұрақты жұмыс орындары пайда болмақ.
Анықтама үшін қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. 

Telegram, Instagram, Facebook, «Вконтакте», Twitter

+7 (727) 224-2000, 221-6611, centr_almaty@mail.ru
 

Сондай-ақ оқыңыз