Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының 10 қытайлық дәрігері Нұр –Сұлтан қаласына келді, деп хабарлайды Coronavirus2020kz телеграм каналы.
Қазақстанға Қытайдың қоғамдық денсаулық сақтау мамандары келді. Олар пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші дәрігерлер.
15 күндік сапар барысында – Нұр-Сұлтанға, Қарағандыға, Алматыға бару жоспарланған. Олар коронавирус індеті бар науқастарды диагностикалау және емдеуді қолға алады.
Келген дәрігерлер Шыңжаңда коронавирус індетімен күрескен. Олардың бұл індетпен күресуде үлкен тәжірибелері бар.
Сонымен қатар, елімізге Қытайдан 5,5 тонна гуманитарлық көмек келді. Оның ішінде, маска, қолғап және дәстүрлі қытай дәрі-дәрмектері бар.