Қазақстан мұнай өндірісін бірлесе қысқартуға қатысуға дайын

Жарияланды
Бұл туралы энергетика министрлігі мәлімдеді

Қазақстан болашақ келіссөздер оң нәтиже беретінінен үмітті және мұнай өндіруді жалпы қысқартуға қатысуға дайын. Бұл туралы ҚР Эгергетика министрлігі мәлімдеді. 

«Қазақстан өз кезегінде алдағы уа,қытта мұнайды өндіру көлемін қысқарту бойынша коллективті ортақ шешім қабылданады деп үміттенеді, бұл шара өз кезегінде мұнай индустриясына оң әсерін тигізеді», – делінген минстрлік таратқан хабарламада.

Бұл ретте ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстан сындарлы диалогтың  жақтаушысы болғанын және болып қала беретінін атап өткен.

«Бұл ретте, әлемдік мұнай нарығындағы байқалған теңгерімсіздік  тек ОПЕК + елдерінің күш-жігері жеткіліксіз болатынын және жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын талап ететінін көрсетіп отыр, – деді Нұрлан Ноғаев.– Біз өз кезегімізде бүгінгі күн тәртібінің өзектілігін түсінеміз және мұнай өндіруді жалпы қысқартуға қатысуға дайынбыз». 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 9 наурызында Brent маркалы мұнай бағасы ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту жөнінде бір келісімге келе алмауының салдарынан күрт арзандады. Оның бағасы барреліне 31-36,5 долларға дейін төмендеп кетті. Яғни бір күнде 30 пайызға арзандап кетті. Бұл жағдай  дүниежүзіндегі валюта бағамына әсер еткен болатын. 

Бұған дейін хабарланғандай, әлемдік екі ірі мұнай экспортері – Сауд Арабиясы мен Ресей мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі мәмілеге Құрама Штаттардың да қатысуын қалайды. Бұл ретте АҚШ президенті Дональд Трамп та американың мұнай өндірушілері өндірісті қысқартуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Дәл бір ай өткен соң, 9 сәуір күні ОПЕК+ форматындағы министрлер вебинары  өткен еді. Он бір сағатқа созылған келіссөздер нәтижесінде тараптар қандай да бір келісімге келе алған жоқ. 

Сондай-ақ оқыңыз