Қазақстанда 500-ге жуық әскер арнайы жиынға шақырылды

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Барлық аймақтарда әскери жиындар жасақталып жатыр

Алматы, Нұр-Сұлтан, сондай-ақ бірқатар облыстардан 473  әскери міндетті арнаулы әскери жиынға шақырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев мәлімдеді.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары жағдайға байланысты арнаулы жиынға шақыруды өздері шешеді. Қазір барлық өңірлерде жергілікті әскери басқару органдарына еріктілер келе бастаған.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, Павлодар және Ақмола облыстарында арнайы оқу бөлімдері құрылды. Әскерге шақыру Ақтөбе және Атырау облыстарында жалғасуда. 13 сәуірде Шымкент пен Қарағанды облысында, 14 сәуірде – Солтүстік Қазақстан облысында, 15 сәуірде – Жамбыл облысында, 17 сәуірде – Түркістан облысында басталады. Ал Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында арнаулы жиын өткізу мәселесі қарастырылуда», – деді ол.

Аумақтық әскерлер қарулы күштердің құрамына кіреді, бірақ белгілі бір аймақтың тиісті міндеттерін ғана орындайтын болады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз