Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1956 жылы дүниеге келген. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Қазақстанда коронавирустан 60 адам емделіп, көз жұмғандар саны 9-ға жетті.
Бейсенбі күні кешке Павлодар облысында 1936 жылы туылған науқастың қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 8 сәуірде пневмониямен ауруханаға түскен. Келесі күні оның анализінен COVID-19 оң нәтиже көрсеткен.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы – 45 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 3 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 104 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам.
Жалпы 802 науқас тіркелді.