Жаңалықтар

Киелі Мекке мен Медина қалалары коронавирус кесірінен  босап қалды

Індетке байланысты қажылық уақытша тоқтатылды 

Киелі Мекке мен Медина қалалары босап қалды, қажылық уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Сауд Арабия билігі алдағы апталарда COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының күрт артатынын болжап отыр. 
Қазіргі уақытта,ресми деректерге сәйкес, бұл елде вирусты 2795 адам жұқтырған және 41 адам көз жұмған. Көптеген қалаларда үйден шығуға тыйым салынған.

Өткен жылы қажылыққа 2,5 млн-ға жуық адам барды.