Журналистер Ақ үйде өтетін брифингке қатысу үшін жаңа короновирус инфекциясына тест тапсырады, – деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бұл талапты АҚШ Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі жариялады. COVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары басқа елдермен салыстырғанда АҚШ-та көптеп анықталуда.
Мұнда вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 467,8 мың адамға жетті, 16 мыңнан астам адам көз жұмды, ал сауығып шыққандар саны 27,2 мың адамнан асты.