Браконьерлер мемлекетке 2,5 млн  астам шығын келтірді 

Жарияланды
Сол себепті “Биоресурстарды қорғау” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері браконьерлер мемлекетке 2,5 млн. астам шығын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

1-15 сәуір аралығында «Биоресурстарды қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер аңшылық және орман шаруашылығы қорықшыларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондай-ақ, іс-шараға шекара қызметкерлері де тартылды. 

Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта, облыс аумағында аң аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Дегенмен, жедел-профилактикалық іс-шарасы  басталғаннан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 383-бабы бойынша 10 адам әкімшілік жауапқа тартылған. 

Аңға шыққандардың кейбіреуі қарумен, енді бірі тұзақпен орманға бет алған.

   «Су қоймаларының жағасында уақыт өткізгенді ұнататындар рұқсат қағазсыз балық аулағаны үшін жауапқа тартылады», – дейді СҚО ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының басшысы Асхат Қожабаев. 

Экологиялық қылмыс фактісі бойынша 9  іс қозғалды. Күдіктілерден 9 атыс қаруы мен 5 суық қару, 35 патрон тәркіленді. Браконьерлердің жалпы келтірген шығыны 2 млн. теңгеден асады. 

 

Сондай-ақ оқыңыз