2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.
Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.