Жаңалықтар

Үйінде заңсыз ішімдік сатқан тұрғын анықталды

Заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін, 80 мың теңге айыппұл салынды

Петропавл тұрғыны үйде  ішімдік сатумен айналысқандығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында карантин жарияланғаннан бері алты күн ішінде төтенше жағдай режимін бұзудың 100-ден астам фактісі анықталды. 

Полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын елемейтін өрескел заң бұзушыларға қатысты әкімшілік сипатындағы шаралар қолдануда.

Алматы көшесіндегі үй тұрғындары көрші әйелдің карантинге қарамастан алкогольдік өнімді сатып жатқаны және үйіне сатып алушылардың келетінін хабарлады. Тұрғындар көршілерінің заңсыз әрекетінен гөрі келіп-кететіндерге алаңдаулы. Олар бұл жөнінде  “102″  хабарлаған.

 Полицейлер алкогольдік өнімді сату фактісін анықтады. Кіреберісте ақырын ізін суытпақшы болған ер адамнан бір бөтелке ішімдік тәркіленді.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметі фактісі бойынша, 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.