АҚШ федералды билігі тұңғыш рет коронавирус пандемиясына байланысты барлық штаттарда төтенше жағдай туралы декларацияны бекіту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды CNN.
Режим Вайоминг штатында ең соңғы болып енгізілді. Бұл шараны АҚШ президенті Дональд Трамп 11 сәуірде мақұлдаған еді.
Америка Құрама Штаттарында 519 453 адам коронавирус жұқтырған. Оның 20 071 қайтыс болған.
Мәліметтерге сәйкес, Америка Құрама Штаттары коронавирус құрбандарының саны бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Осылайша Италияның өзін басып озып отыр.