Алматыда лифт түймесіне түкірген азамат анықталды
Алматыда тұрғын үйлердің бірінде лифт түймесіне түкірген жігіт көп ұзамай қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Бұл туралы Алатау ауданының полициясы хабарлады.
«Жігіттің теріс әрекеті “Алатау сити» тұрғын үй кешенінің жедел сатыда орнатылған камера объективіне түсіп қалды. Оның жеке басы бірден анықталды. Полицияға жеткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді”, – дейді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.
Қатесін кейін түсінген азамат өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұрады.
«Ашулы күйде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді А.есімді тұрғын.