Ақмола облысында қайтыс болған науқастың өкпесі қабынған
Жарияланды
Ол 1936 жылы туылған ер адам
Ақмола облысында қайтыс болған науқастың өкпесі қабынған. Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Ол 5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде болған.
Ал 9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, ИВЛ аппаратында болды.
Науқастың диагнозы ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы.
Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруы.
Елімізде қайтыс болғандар саны 12. Ал індетті жұқтырғандар 979 жетті.