Жаңалықтар

Ақмола облысында қайтыс болған науқастың өкпесі қабынған

Ол 1936 жылы туылған ер адам

Ақмола облысында қайтыс болған науқастың өкпесі қабынған. Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ол 5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде болған.

Ал 9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, ИВЛ аппаратында болды.

Науқастың диагнозы ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы.

Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруы.

Елімізде қайтыс болғандар саны 12. Ал індетті жұқтырғандар 979 жетті.