Қазақстан ОПЕК + мұнай өндіруді азайту туралы келісімді қолдады
12 сәуірде ОПЕК + мұнай өндіруші мемлекеттердің министрлерінің кезектен тыс кездесуі өтті, бейнеконференция барысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстан өз кезегінде мұнай өндірісін қысқартуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
9 сәуірде, бірінші кездесудің қорытындысы бойынша, жалпы төмендеу тәулігіне 10 млн баррель болады деп болжанған, бірақ Мексика өндірісті ОПЕК + қатысушылары ұсынған 400 емес, тек 100 мыңға қысқартуға келіскен. Мексика өкілдерінің айтуынша, жетіспейтін 300 мың баррельді АҚШ азайтуға көмектеседі. Алайда, ешкім мұндай міндеттемелік құжатқа қол қойған жоқ.
Кездесу нәтижесінде, 23 мұнай экспорттаушы ел алдағы екі айда тәулігіне 9,7 млн. қысқартуға келісті.