Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың көбі медицина қызметкерлері

Жарияланды
Олардың жартысының көбі мамандандырылған ауруханада жұқтырған

Қазақстанда дәрігерлер қазіргі уақытта коронавируспен ауыратын науқастардың бестен бір бөлігін құрайды, деп хабарлады 13 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Бурабекованың айтуынша, бүгінгі таңда 211 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Осылайша, республика бойынша олардың үлесі жалпы вирусты жұқтырғандардың 20,5% құрайды. Барлық жағдай медициналық ұйымдарда тіркелген, біз оларды республиканың 13 аймағында байқадық», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Олардың ішінде 74 медицина қызметкері бейінді стационарларда COVID-19 вирусын жұқтырғандар мен жұқтырғанына күдігі бар науқастарға күтім жасауға тартылған, олардың 20-сы каратиндік орталықта, 10-ы провизорлық стационарда, 44-і жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. 
 

Сондай-ақ оқыңыз