Польшадан гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Польшадан чартерлік рейсімен елімізге «Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларын (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлерін (ноутбуктерін) қамтыған гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді.
2020 жылғы 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен.