Қытайда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 108 адам тіркелді

Жарияланды
Оның 98-і шетелден келгендер

Қытайда 24 сағат ішінде COVID-19 індетін жұқтырған 108 адам тіркелді. Оның 98-і шетелден келгендер. Бұл туралы 13 сәуірде ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Комитет індет жұқтырған 10 жаңа жағдай тіркелгенін айтқан болатын. Хэйлунцзян провинциясында (Солтүстік-Шығыс Қытай) – 7 адам, ал Гуандун провинциясында (Оңтүстік Қытай) – 3 анықталды.

Комитеттің мәліметінше, 12 сәуірде Хубэй провинциясында осы аурудан 2 адам қайтыс болған. Сонымен қатар, 12 сәуірде коронавирус инфекциясы бар деген болжаммен 6 жаңа пациент тіркелді, олардың барлығы шетелден келгендер.

Жексенбіде 88 науқас емделіп ауруханадан шыққан. 

Қытайда 12 сәуірде шетелден келген 1378 адам COVID-19 ауырған. Олардың 511-і сауығып ауруханадан шықса, ал  867 адам емделіп жатыр. Оның 38-нің жағдайы ауыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз